САЛТ — ДӘСТҮРЛЕР САЛТАНАТ ҚҰРҒАН КҮН

Бүгін ауданда Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін атап өтуге арналған мерекелік шара өтті.
Шара барысында ұлтымыздың салт- дәстүрлері салтанат құрды.
Жаңатас қаласы және ауылдық округтер мен мекемелердің салт-дәстүрлерден дайындаған көріністерінен байқау ұйымдастырылды.
» Бастаңғы», «Ұрын келу», «Сыңсу», «Құрсақ шашу», «Ат қою», «Бесік салу», «Тұсау кесу», «Тұлым кесу», «Тулақ шашу», «Қазан шегелеу» сияқты салт-дәстүрлерден өткен байқауда әділқазылар алқасының шешімімен Түркістан ауылдық округі І орынды, Досбол, Тоғызкент округтері ІІ орынды, Жайылма ауылдық округі жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтарды аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков және әділқазылар алқасының төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Серік Аппазов табыс етті.
Айта кету керек, байқауға Сарысу ауданының Құрметті азаматтары Тыныштық Бектөреева, Серік Аппазов, Сахарай Қырғызбаев, кітапхана саласының ардагері Светлана Қожаназарова, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейілова әділқазылық жасады.

Сарысу ауданы әкімдігі