Салт-дәстүр жөніндегі танымдық жұмбақтар

1. Ошақтың, мосының бұты неге үшеу?

2. Қазақтар қанша зұлмат болса да, үш нәрсені жау қолына тастамаған. Ол не нәрселер? Себептері қандай?
3. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне қатты көңіл бөлген. Әрқайсысы екі сөзден тұратын, не бәрі үш сөйлемен тәрбиелеген. Бұл қандай сөйлемдер?
4. Сондай-ақ, балаларын үш сынақ тәрбиесінен өткізген. Бұл қандай сынақ тәрбиелер?
5. Қазақтар балаларына «Адам мүшелері аманат арқалаған» деп түсіндірген. Адамның жеті мүшесіне аманат жүктелген. Бұл қай мүшелер және қандай аманаттар?
6. Қазақта жігітті сипаттағанда жеті мақтау және бір даттау сөзімен атайды. Бұл қандай атаулар?
7. Қыздарды сипаттағанда төрт мақтау екі даттаумен атайды. Бұл қандай атаулар?
8. Қазақта неше түрлі қонақ болады?
9. Қонаққа сойылған қойдың еті адал болуы үшін не істелуі керек?
10. Қолға су құю әдебі кімнен қалған?
11. Қолға су құюдың жеті әдебі бар. Ол қандай?
12. Қазақта қонақтарға он түрлі табақ тартылады. Қандай?
13. Бас тарту кәдесі кімнен қалған?
14. Қандай жағдайда бастың тісін қақпай тартады?
15. Бас мүжігенде қай жерінен бастап өзі ауыз тиіп, қай құлақты кімге ұсыну керек?
16. Бас мүжігенде көзін қалай ұсынады?
17. Бас мүжігенде неге тілдің ұшын кесіп тастап, ұсынады?
18. Бас мүжігенде таңдайды қалай ұсынады?
19. Неге тойға, мерекеге, қуанышқа сойылған малдың төрт сирағын бірден аспайды?
20. Жеті ата қалай жіктеледі?
21. Жеті ұрпақ қалай жіктеледі?
22. Қазақта қыз айттыруға барған өкілдерді «Жаушы» дейді. «Жаушының» екі белгісі болады. Біреуі таныс, сыйлас ауылға барғанда, екіншісі бейтаныс ауылға барғанда. Бұл қандай белгілер?
23. Қазақта күйеуге неге төс ұсынылады?
24. Қазақта қызға неге құйымшақ ұсынылады?
25. Айттырып қойған қалыңдығын алып кетуге келген күйеу бала ауылына аттанарда, қайын жұртына сыйлайтын бір сый-сияпаты бар. Ол не және онда қандай мағына бар?
26. «Қуыс үйден құр шықпа» деген салт кімнен қалған?
27. Қалжа жегізу кімнен қалған?
28. Баланың аузына түкіру кімнен қалған?
29. Тұсау кесу кімнен қалған?
30. Тұсау кескенде неге жеті қадам жүргізеді?
31. Балаға теріс көйлек кигізу кімнен қалған?
32. Сүндеттеу кімнен қалған?
33. Әжетханаға кірерде дауыстау кімнен қалған?
34. Әжетханаға жалаңбас кірмеу кімнен қалған?
35. Не себепті әжетханада отырып сөйлеуге болмайды?
36. Не себепті әжетханада отырып түкіруге болмайды?
37. Неге әйел жалаңбас отырып бала емізуге болмайды?
38. Не себепті бос тұрған бесікті тербетуге болмайды?
39. Шілдехана салты кімнен қалған?
40. Тұзды шашпау кімнен қалған?
41. Нанды неге пышақпен кесуге болмайды?
42. «Нан қиқымын теріп же, бай боласың» – деген кімнен қалған?
43. Қолды жуғанда сілкімеу кімнен қалған?
44. «Судың да сұрауы бар» – деген сөз қайдан шыққан?
45. Неге жыңғылмен мал айдауға болмайды?
46. «Малды тепсең несібең кемиді» – деген сөз қайдан шыққан?
47. Не себепті малды сатқанда ноқтасын алып қалады?
48. Не себепті есінегенде оң қолының сыртымен ауызды жабу керек?
49. «Өзгенің асына сұқтанба» – деген сөз кімнен қалған?
50. Түшкіргенде «Жәрекімалда», яғни «Саған Алланың рахымы болсын» деп айту кімнен қалған?
51. Не себепті әйелдер ошақтың үш бұтынан асырып отын үймейді?
52. Не себепті жаңа босанған әйел үйге кірген итке шық демейді?
53. Не себепті жаңа босанған әйел қырық күнге дейін қолын суық суға салмауы керек?
54. Не себепті екі қабат әйелге пышақ, ара, қайшы ұстауға болмайды?
55. Не себепті екі қабат әйелге ине-жіп ұстатпайды?
56. Не себепті екі қабат әйелге қоян етін жеуге болмайды?
57. Не себепті екі қабат әйелге түйенің етін жеуге болмайды?
58. Не себепті әйел пышақ қайрамайды, тек жаниды?
59. Не себепті әйел адам итке тас лақтырмайды?
60. Не себепті жерік болған әйел міндетті түрде жерік асын ішуі керек?
61. Қазақта шала туған баланы қалпына келгенше қалай бағады?
62. Не себепті балаға ортан жіліктің майын жегізбейді?
63. Баласы шымыр болуы үшін екі қабат әйелге не істетеді?
64. Неге нәрестенің еңбегін басуға болмайды?
65. Бесікке қолданған түбекті, шүмекті неге төңкеруге болмайды?
66. Не себепті қыздарға кәрі жілік жегізбейді?
67. Не себепті жас балаға кеңірдек жегізбейді?
68. Балаға неге көмекей жегізбейді?
69. Неге балаға сойылған малдың бөтекесі мен өкпесін жегізбейді?
70. Не себепті жаңа қайнатқан сабынды жоғары қоймайды?
71. Не себепті аруананы соғымға соймайды?
72. Неге кептерге қарай тас лақтырмайды?
73. Сиырдың желіні іссе не істеу керек?
74. Неге келінге ата-енесінің төсегіне отыруға және олардың киімдерінен аттауға болмайды?
75. Не себепті қазақ әйелдері әдейілеп өзінің басына салып жүрген арнаулы жаулығын басқаларға бермейді?
76. Ерулік беру салты кімнен қалған?
77. «Тұз да болса, тегін алма» деген тәмсіл кімнен қалған?
78. Көрісу әдебі кімнен қалған?
79. Ораза ұстау кімнен қалған?
80. Тасаттық беру кімнен қалған?
81. «Иегің тасқа тигір» деген қарғыс қайдан шыққан?
82. Қандай адамдарды «жүзіқара» деп атайды?
83. Не себепті үйге кіргенде оң аяқпен кіру қажет?
84. «Ысқырма, шайтанды шақырасың» деген тыйым қайдан қалған?
85. «Таңдайыңды тартпа, саусағыңды сықырлатпа» деген тыйым қайдан қалған?
86. Желдің пірі кім?
87. Жаңбырдың пірі кім?
88. Жарлының пірі кім?
89. Ұрының пірі кім?
90. Кәрінің пірі кім?
91. Ісмердің пірі кім?
92. Қасапшының пірі кім?
93. Кеселдің пірі кім?
94. Күншілдің пірі кім?
95. Тәкәппардың пірі кім?
96. Бау-бақшаның пірі кім?
97. Орман-тоғайдың пірі кім?
98. Батырдың пірі кім?
99. Қыз-келіншектің пірі кім?
100. Шешеннің пірі кім?
101. Қандай жағдайда ұл балаға асықты жілікті ұстатады?
102. Қандай жағдайда қыз балаға тоқпан жілікті ұстатады?
103. Қандай жағдайда балаға «үзеңгіден өткізу» ырымын жасайды?
104. Жаңа туылған нәрестенің мойны тез қатуы үшін не істейді?
105. Қандай жағдайда қазақта бәдел жерлеу ғұрпы атқарылады?
106. Қазақта Бәйбіше келіні не үшін пайдаланған?
107. Ұл балаға арнап бәсіре салтын қай уақытта өткізген?
108. Қазақта қолкесер рәсімі қай уақытта атқарылады?
109. Қоғамға қарсы істермен айналысқан қылмыскерді ұстаған адамға берілетін сүйіншінің аты не?
110. Қандай адамдар ботаның «кіндік шешесі» аталады?
111. Қазақта қай уақытта «Бөде үй» тігіледі?
112. Қазақта бала аттай жүйрік болсын деп қандай амал жасалған?
113. Қазақта бала қасқырдай қайратты болсын деп қандай рәсім жасалған?
114. Жаңа туған баланың денесіне бөртпе шықпасын деп қандай амал жасалған?
115. Қандай баланы «сараң» болады деп топшылаған?
116. Қандай баланы «қолы ашық, жомарт» болады теп топшылаған?
117. Қандай баланы «есейгенде келіншегі сұлу» болады деп топшылаған?
118. Қандай қыз баланың «серігі сері» болады теп топшылаған?
119. Қандай баланы «есейгенде бай, бақытты» болады деп топшылаған?
120. Қандай баланы «бұйығы, ынжық» болады деп топшылаған?
121. Қандай баланы «уайымшыл, тұйық» болады деп топшылаған?
122. Қандай баланы «қызғаншақ» болады деп топшылаған?
123. Қандай баланы «төрт-түлігі сай, ақыл-ойы терең адам» болады деп топшылаған?
124. Қазақтың қай белгілі тұлғасы осындай жолмен, шет елдің сыншысы арқылы анықталған?
125. Қандай баланы «батыр, балуан» болады деп топшылаған?
126. Қандай баланы «білімді, жайдары» болады деп топшылаған?
127. Қазақтың қай белгілі тұлғасын Жанқұтты би осылай топшылаған?
128. Қандай баланы «бақ-талайлы, жыршы, домбырашы» болады деп топшылаған?
129. Қандай баланы «ісмер, күйші, биші» болады деп топшылаған?
130. Қандай баланы «ашушаң, күйгелек» болады деп топшылаған?
131. Қандай баланы «аузына сөз тұрмас өсекші» болады деп топшылаған?
132. Қандай баланы «сөзге сараң, іске шөгел» болады деп топшылаған?
133. Қандай баланы «жалқау, жайбасар» болады деп топшылаған?
134. Бала дүниеге келгенде, онымен бірге келген жолдасын екі асық қосып, табалдырықтың түбіне не үшін көмеді?
135. Бала есейіп, тістей бастағанда түскен тісті не себепті есіктің жақтауының арасына қыстырады?
136. Кішкентай бала аяғын табаққа салса ненің белгісі?
137. Кішкентай бала қолын табаққа салса ненің белгісі?
138. Қай кезде «баланы төрге аунату» ырымы жасалады?
139. Не себепті нәрестені бесікке бөлеп болғанша, үйден кісі шығармайды?
140. Не себепті баланың қарын шашын тегістей алып тастайды?
141. Қазақ дәстүрі бойынша дастархан жаюдың екі түрі бар екен. Олар қандай?
142. Қазақта дастархан аттады деп кімдерді айтады?
143. Не себепті қазақта дастарханды айналуға болмайды? Келген ізімен кейін шығу керек.
144. Қазақта қандай жағдайда ауылдағы үлкен үйден дәм татып аттанады?
145. Не себепті қазақта күрішті төгуге, оны ысырап жасауға қатаң тыйым салынады?
146. Қырманға астық бастырар алдында егінші қандай ырым жасайды?
147. Қазақта қандай кезеңде жерге «кесек лақтыру» рәсімі жасалады?
148. Неге ер адамдар шалқалап жатқанда екі аяқты көтеруге болмайды?
149. Не себепті қазақтар жерді сызуға қатаң тыйым салған?
150. Қандай жағдайда жерді сызуға ұлықсат етілген?
151. Не себепті қазақта бақаннан аттауға болмайды?
152. Үйде еркек кіндікті болмаған кезде әйел адам малды қалай бауыздайды?
153. Не себепті сабаның піспегінің басын жоғары қаратып қояды?
154. Не себепті отау үйдің тұскиізін үйдің тек оң жағына ғана құрады?
155. Неге қараңғы түскен соң сандықты ашуға болмайды?
156. Не себепті төсекті жинамай қалдыруға болмайды?
157. Не себепті келіннің төрге шығуына, үлкендер төсегіне отыруға болмайды?
158. Не себепті адалбақанға тек қана ер адамдардың киімі ілінеді?
159. Не себепті жолға шыққан жолаушы сары май мен тұз алып шықпайды?
160. Неге жолдың үстіне күл төгуге тыйым салынған?
161. Неге ұзақ жолға түстен кейін аттанбайды?
162. «Сейсенбіде сейіл құрма» деген тәмсіл қайдан қалған?
163. Не себепті қазанға ет салғанда, «бісмілда» деп алдымен кәрі жілікті салады?
164. Не себепті кәрі жілікті қонақтың табағына салмайды?
165. Не себепті келін босанар кезде сандықты босатып қояды?
166. Не себепті екіқабат келіннің босанатын күні жақындағанда жалаң аяқ жүргізіп, жерді бастырып қояды?
167. Қай кезде түскен келін баланы көп туады?
168. Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, не болады?
169. Не себепті келін отауының босағасын маймен майлайды?
170. Жаңа түскен келін «ұл тапсын» деген ниетпен қандай амал жасаған?
171. Қандай жағдайда келін сирақ үйітпейді, тігін тікпейді, көпіртіп кір жумайды?
172. Қандай жағдайда келін ұмытшақ болады?
173. Не себепті құмырсқаның илеуін басуға болмайды?
174. Не себепті келінге құмырсқаның илеуіне дәрет сындыруға болмайды?
175. Не себепті малды кендір жіппен байлауға болмайды?
176. Қазақта қандай үйді болыс үй деп атаған?
177. Қазақта қандай үйді доғалаң деп атаған?
178. «Қатыны өлген қызыл үйге қарап жылайды» деп неге айтқан?
179. Не үшін жаңа түскен келін алғаш есіктен аттағанда үйдің босағасына соқтықпауы керек?
180. Неге дүниеге қыз келсе кіндігін от орнына көмеді?
181. Неге дүниеге ұл келсе, кіндігін алты қырдан асырып тастайды?
182. Үйдің төбесіне қарлығаш ұя салса не болады?
183. Үйде бүркіт ұстап, баққанның қандай пайдасы?
184. Қазақ үйге түйе сүйкенсе, не болады деп жориды?
185. Күйеудің үйін бірінші рет аттаған Қалыңдық не үшін табалдырығына иіліп сәлем етеді?
186. Не үшін балаға үйдің табалдырығына шығып тұруға болмайды?
187. Түн ішінде біреудің үйіне кіргенде не деп айту керек?
188. Қандай жағдайда киіз үйдің есігін үстіне қарай лақтырады?
189. Не себепті үйге тамақ шайнаған қалыпта кіруге болмайды?
190. Не себепті әкесі бар бала қолын төбесіне қойып, төр алдында шалқасынан жатуға болмайды?
191. Не себепті бозбала төрге шығып, етпетінен жатуға болмайды?
192. Қазақта «Көк айғыр кісінеді» деп нені айтады?
193. Отағасы «Көк айғыр кісінеді» деп нені айтады?
194. Қазақта қазан ноқталау деп нені айтады?
195. «Қазан төңкеру тәсілі не үшін пайдаланылады?
196. «Қазан шегелеу» үрдістері қай мезгілде атқарылған?
197. Қазанасар салығы қай мезгілдері төленіп отырған?
198. Жербасар салығы не үшін төленіп отырған?
199. Қазақта «қазанас» деп нені атайды?
200. Қазақта жауласқан екі ру немесе екі елді татуластыру үшін қыз беріп, қыз алысқан. Осы қыздарды кім деп атаған?

Дайындаған:Шаймұрза Жаңайұлы
Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті
Ұялы телефон: 8 777 703 11 28

Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан