Сала мамандары марапатталды

9 шілде — су шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев Саудакент ауылындағы су шаруашылығымен айналысатын сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, арнайы Алғыс хатын табыс етті.
Марапатталғандар арасында тұрғындарды тіршілік нәрімен үздіксіз қамтамасыз етіп келе жатқан гидротехник, су бақылаушы, техник – гидротехник мамандары бар.
Айтулы мереке мамандығына адалдық танытып, жылдың төрт мезгілінде дамыл таппай, су бөліп беру шаруасын ұқыптылықпен атқаратын қызметкерлердің еңбегі еленген күн болды.

Сарысу ауданы