ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ БАСТАҒАН ҮКІМЕТ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА БОЛДЫ.

28-қазан күні Ақтөбе өңіріне іс- сапармен келген вице-премьер Ералы Тоғжанов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкеновке Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мемлекеттік бағдараламалар аясында атқарылған жұмыстарды және Сovid-19 инфекциясының өршуі туындаған жағдайда қабылданған шараларды таныстырды. Вице-премьер бастаған делегация еліміз бойынша рентген аппаратын шығарумен айналысатын жалғыз кәсіпорын “Ақтөбе рентген» АҚ да болды. Мұнда жылына 122 цифрлық стационарлық және мобильдік рентген аппараты шығарылады. ҚР нарығының 74%, Еуразиялық экономикалық аймақ елдерінің 25 %, өзге елдердің 1% қамтамасыз етеді. Кәсіпорын қысқа мерзім ішінде Ақтөбе, Түркістан, Алматы, Павлодар, Жамбыл, БҚО, Қостанай облыстарының медицина мекемелері үшін «Ардиагност-6» РДК-нің 48 цифрлық рентген аппаратын шығарған.

 

Ералы Тоғжанов сондай-ақ, 100 орынға арналған провизорлық стационарды аралады. № 2 облыстық балалар ауруханасы жанынан ашылған орталыққа жасанды ауа беретін 50 аппарат жеткізіліп, медициналық қорғаныш заттармен қамтылған. Ақтөбеде бір ауысымда 120 адамды қабылдауға қауқарлы консультация-диагностикалық орталығы бар, 190 орындық перинаталды орталық бой көтеруде. 245 жергілікті азамат жұмыспен қамтылған медициналық мекеменің құрылысына 15 млрд тг қаралған. 2021 жылдың шілде айында пайдалануға берілмек. Үкімет делегациясы нысан құрылысымен танысты. Премьер-Министрдің орынбасары дәрі-дәрмек өндіруші «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС фармацевтикалық зауытында болды. 2013 жылы іске қосылған кәсіпорында 20 түрлі дәрі дәрмек өндіріледі. Жылына 6 млн дәрі, 75 тонна сұйық дәрі мен 12 тонна экстракті өндіріледі. Ақтөбе өңірінен өзге де аймақтарға тасымалданады. Фармацевтикалық зауыт облыс әкімінің қолдауымен 2020 жылдан бастап медициналық бетперделер мен антисептик шығаруды қолға алды. Айына 1,5 млн бір реттік екі, үш қабатты бетперделер шығарылады. Әкімдік қолдауымен бюджеттен тыс қаражатқа «ТК Фарм Ақтөбеге» 75 млн теңгеге жеңілдетілген, пайызсыз қарыз берілді. Бұл Грипповир препаратын аптасына төрт есеге, яғни 5 мыңнан 20 мың орамаға дейін өндіруге мүмкіндік берді. Кәсіпорында жалпы 100 азамат жұмыспен қамтылған.

 

 

Орташа жалақылары 150 мың тг шамасында. Бұдан соң «Ақтөбе медициналық орталығында» болған Ералы Тоғжанов мекеменің дәрі-дәрмек қорлары мен медициналық жабдықтарын қарады. Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты жиын өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов эпидемиялогиялық жағдайдың тұрақтылығын атап өтті. Вице- премьер жеті ауданның бас дәрігерлеріне жедел-жәрдем автокөліктерінің кілтін табыстады. Жедел-жәрдем көлігі жүрек-өкпе реанимациясына қажетті тыныс алу қапшығы, механикалық аспиратор, дефибриллятор, электрокардиограф, пульсоксиметр, оттектік редуктор-ингалятор сынды медициналық құралдармен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін 2 жылжымалы медициналық кешен, 6 диагностикалық медициналық кешендердің жеткізілуі күтілуде. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында іске асырылған жобаларды таныстырды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша биыл күрделі жөндеу жүргізілген нысанның бірі № 21 мектеп-гимназиясы. 1700 ден астам бала тәрбиеленіп отырған білім ұясының жөндеуіне 95 млн тг қаржы бөлініп, мектептің қасбеті, спорт залы, жөндеуден өтті. Есік, терезелері жаңартылып, мектеп ауласы абаттандырылған. Қала әкімі «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан Ақтөбедегі жол көлік инфроқұрылымының дамуы бойынша ақпарат берді. Қала аумағындағы және қалаға қарасты елдімекендердің автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 13,9 млрд тг қаражат бөлінген. 135,3 км автомобиль жолдарының орташа және күрделі жөндеуге 11,337 млрд қаралған. Жалпы ұзындығы 5,3 км болатын Арынов,Сәңкібай батыр, «Мәңгілік ел» көшелерін қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін бюджеттен 2,133 млрд тг бөлінген. Биыл жалпы облыс орталығында 110 көшеге күрделі және орта жөндеу жүргізілетін болады.. Жұмыс сапарын қорытындылаған Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов вирустық індеттің алдын-алуға байланысты атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, облыс әкімі Оңдасын Оразалинге мемлекеттік бағдарлама аясындағы жобалардың уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Облыстық баспасөз қызметі