КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР АЛТЫН, КҮМІСТЕН АЛҚА ТАҒЫНДЫ

Бүгін Жаңатас қаласында тұратын көпбалалы аналарға » Алтын» және «Күміс» алқа табысталды.
Марапатқа ие болған жандарды қала әкімінің орынбасары М.Бегеев құттықтап, әр шаңырақтың ұйытқысы, берекесі болып отырған аналарға ізгі тілегін білдірді.
Қазіргі таңда Жаңатас қаласында көпбалалы аналар саны — 1380. Оның ішінде 1015 ана 4 бала және одан жоғары балалары бар аналар, яғни мемлекеттік жәрдемақы алатындар. 365 ана «Алтын алқа», «Күміс алқа», Батыр ана, 1-2 дәрежелі «Ана даңқы» медаль иелері.

 

 

 

 

Сарысу ауданы