КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР АЛТЫН, КҮМІСТЕН АЛҚА ТАҒЫНДЫ

Бүгін Жаңатас қаласында тұратын көпбалалы аналарға ” Алтын” және “Күміс” алқа табысталды.
Марапатқа ие болған жандарды қала әкімінің орынбасары М.Бегеев құттықтап, әр шаңырақтың ұйытқысы, берекесі болып отырған аналарға ізгі тілегін білдірді.
Қазіргі таңда Жаңатас қаласында көпбалалы аналар саны – 1380. Оның ішінде 1015 ана 4 бала және одан жоғары балалары бар аналар, яғни мемлекеттік жәрдемақы алатындар. 365 ана “Алтын алқа”, “Күміс алқа”, Батыр ана, 1-2 дәрежелі “Ана даңқы” медаль иелері.

 

 

 

 

Сарысу ауданы