Ақтөбе облысында тоғыз айдың ішінде 625​ мың шаршы метрдей баспана салынды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өңірдің биылғы қаңтар-қыркүйек айларының аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары қаралды.
Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева баяндама жасады.

 

«Тоғыз айдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, өнеркәсіп өсімі — 104,8%, өндірілген өнім көлемі — 1,5 триллиона теңге”»,- деді Г.Сүйінтаева.
Құрылыс секторы103,4 % болып, тұрақты әрі жоғары қарқынды өсім қамтамасыз етілген, соның ішінде 624,8 м2 (112%) баспана пайдалануға берілді. Негізгі капиталға түсетін инвестиция көлемі 130,5% немесе 557,6 миллиард теңге.

 

Оңдасын Оразалин сондай-ақ, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне экономиканың барлық салаларына инвестиция тартуға ерекше назар аударуды тапсырды.
«Жыл қорытындысы бойынша экономика өсімі кемінде 104,1 %-ды құрау керек. Осы мақсатқа қол жеткізу – біздің ортақ міндетіміз»,- деді Оңдасын Оразалин.
Бұдан өзге, өңір басшысы эпидемиологиялық жағдайды, COVID-19-ға қарсы екпе алу барысын бақылауда ұстауды және осы ауру көбейген жағдайда үнемі дайын болуды тапсырды.