60 қоғамдық жұмысшыға мерекелік сыйлық үлестірілді

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында, қала тазалығына жауапты қоғамдық жұмысшы топтың құрамындағы нәзік жандылар да назардан тыс қалмады.
Жаңатас қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, қоғамдық қызметкерлерге де құрмет көрсетілді.
Қарапайым еңбек адамдарының жауапты жұмысын жоғары бағалаған аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев, мерекелік бағдарламаға арнайы қатысып, ару аналарды құттықтап, гүл шоқтары мен тұрмысқа қажетті техникаларды табыстады.
Айта кетейік, қала әкімдігі Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 200 қоғамдық қызметкерге сыйлық үлестірген болатын.
☑️Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі