РЕТСІЗ САУДА ОРЫНДАРЫНА РЕЙДТІК ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы Арғынбеков және Өтегенов көшелерінің бойында белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларға рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

 

 

Рейдтік іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Занкоев және аудандық жергілікті полиция қызметкерлері қатысты. Заңсыз сауда жасаушыларға 3 әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керек екенін ескертілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.