Ресейлік спортшылар қысқы олимпиадаға қатысады

Ресей олимпиада комитеті спортшылар комиссиясының төрағасы Софья Великая: «Ресей спортшыларының басым көпшілігі Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласының спорт кешенінде өтетін қысқы олимпиадаға бейтарап тумен, яғни жарыс туымен қатысатын болады.

Аталған орган осы мәселені дауысқа салып, оң шешім қабылдады»,— деп мәлімдеді. Ресей спортшыларының келесі жылы Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін қысқы олимпиадаға қатысуы төңірегіндегі мәселе 2014 жылы Сочи қаласындағы ойындарға байланысты туындаған.

Өйткені Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (ВАДА) осы жарыста ресейлік спортшылардың көпшілігі допинг қолданғанын анықтаған-ды. Сондықтан өткен аптада Халықаралық олимпиада комитеті Ресей құрамасын толығымен олимпиада ойындарына қатыстырмау туралы шешім қабылдаған болатын.