Ресей-Украина келіссөзінің үшінші раунды өтіп жатыр

Ресей мен Украина делегациялары Беловежская Пущада келіссөздердің үшінші кезеңін бастады 

«Беларуссиядағы Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раунды енді басталды», – делінген дипломатиялық өкілдіктің хабарламасында.

Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздердің бірінші раунды 28 Ақпанда өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский тараптар ортақ ұстанымдарды болжауға болатын нүктелерді анықтағанын хабарлады.

Екінші рет Ресей мен Украина өкілдері 3 наурызда Беловежская пущада кездесті. Тараптар атысты тоқтату және халық үшін гуманитарлық дәліздер туралы келісті.

 turkystan.kz.