ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Аудандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, сапасын бақыладым.

Алдымен аудан орталығынан салынып жатқан спорт кешенінде болдым. Сонымен қатар, өткен жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген Б.Момышұлы ауылындағы үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үйге барып, жаңа баспананың жағдайын көрдім.
Одан бөлек, жаңадан салынған №27 Диқан, №23 Алатау орта мектептерінің және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №2 Мыңбұлақ ОМ, №30 Көктөбе ОМ, №11 Т.Тастандиев атындағы орта мекептердің жөндеу жұмыстарымен таныстым.
Бәйтерек ауылындағы 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмысын көріп, Қосбөлтек ауылындағы тұрғын үй алабына бардым.
Бірқатар құрылыс басында болып, жауапты мамандарға құрылыстың сапалы жүргізілуі мен уақытылы аяқталуын жіті қадағалауды тапсырдым.

Жалғас Мұртаза, Жуалы ауданының әкімі