Қостанай қаласының ХҚО-ларына келген азаматтарға еріктілер кеңес беруде

Еріктілер көмекке келді. Олар күн сайын қостанайлық ХҚО қызметкерлерімен бірлесіп, азаматтарды ақпараттандыруға және оларға кеңес беруге көмектеседі. Еріктілер қызмет алушыларға ХҚО-ның жаңа форматын, кезекті қалай брондау керектігін айтып, мобильді азаматтар базасына тіркелуді үйретуде.

 

 

Қостанай ХҚО-лары жаңа форматта жұмыс істейді. Оған сәйкес ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз «қағаз жүзіндегі» қызметтер ғана көрсетіліп, egov.kz порталында рәсімделген қызметтердің нәтижелері беріледі. Бұл ретте ХҚО-ға жүгіну үшін алдын ала кезекті брондау қажет. Электрондық форматта қолжетімді қызметтер қалалық ХҚО-да енді көрсетілмейді. Оларды енді өз бетінше алу керек.

 

 

«Біз мамыр айындағы жұмысымыздың қорытындысын шығардық. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қостанайлық филиалы өткен айда 41 016 қызмет көрсетті. Егер қызмет алушылардың арасында ең көп сұратылған қызмет туралы айтатын болсақ, онда ЭЦҚ алу (11038), автокөлікке мемлекеттік нөмір алу (6336), жылжымайтын мүлікті тіркеу (4489) және жүргізуші куәлігін алу (3279) қызметтерін атап өтуге болады. Әрине, ХҚО ашылғаннан кейін көптеген қызмет алушы паспорт пен жеке куәлікті ауыстыру үшін келген (мамыр айында 11 045 құжат берілді)», — деді Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директор орынбасары Шыңғыс Әшірбеков.

 

 

Сонымен бірге, Шыңғыс Әшірбеков қостанайлықтар көптеген атқарылған ақпараттық жұмыстарға қарамастан, ХҚО-ға келіп, қызметтерді қалай алуға болатындығын, электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай алу немесе ХҚО-ға кезекті қалай брондау керектігін сұрайтынын айтты. Қостанай қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарына еріктілер көмекке келіп, азаматтарға көшеде кеңес беріп жатыр. Кеңес көрсетуге «Жас Отан» белсенділері мен ГрИн студенттері қатысып жатыр.

 

 

«Біз ХҚО-ның жаңа жұмыс форматымен таныстық. Қостанайлықтар 1414 нөмірі бойынша кеңес ала алатынына қарамастан, ХҚО-ға тікелей келетінін естідік. Осыған байланысты біз өз тарапымыздан көмек көрсету туралы шешім қабылдадық. Біз арнайы оқытудан өттік. Жеке сұрақтар мен проблемаларды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету алгоритмдерін білдік. Енді біздің волонтерлер азаматтарға кеңес беруде (оларды арнайы бейдж бойынша тануға болады). Біздің еріктілер тобындағы жастар әмбебап. Біз оларға түрлі қызмет түрлерін ұсынамыз, олар өздері қайсысына атсалысатынын таңдайды.

 

 

Болашақта мемлекеттік қызметте жұмыс істеуді қалайтын, заң немесе экономикалық білімі бар жастар «Азаматтарға арналған үкімет» жұмысына көмектесіп жатыр, сондай-ак, қоғамдық бақылауға қатысатын және процестің қалай жүретінін білгісі келетіндер де бар. Еріктілер жұмысы оларға мемлекеттік қызмет көрсету саласын түсінуге көмегін тигізеді», — дейді Динара Өтебаева, Қостанай облысындағы Азаматтық Альянстың төрайымы.