Қонаев мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Атамыздың 110 жылдығы қарсаңында Қаратау қаласындағы білім саласының байырғы қара шаңырақтарының бірі — Қонаев мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Бөлінген қаржы — 207,1 млн. теңге.
Мектептің негізгі ғимараты 1953 жылы салынған.
Бұл мектепте уақытында Мырзатай Жолдасбеков, Ілия Жақанов, Төлеубек Әбдіқадыров, Қосылған Күзембай, Қуаныш Мәжібаев, Шәріп Омаров, Серікбай Орынбеков, Әсия Серікбаева, Мұсағали Дуамбеков және басқа да еліміздің танымал тұлғалары білім алған.
Қазір 540 орынға арналған нысанда 637 оқушы оқып жүр.

Қанатбек Мәдібек, Талас ауданының әкімі