Қобда ауданында учаскелік инспекторлар баспанамен қамтылады

Қобда ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Оңдасын Оразалин Әлия ауылында салынған екі пәтерлі коммуналдық үйді аралап көрді.

 

 

Құрылысты жергілікті бюджет қаржыландырды. Қоныс тойын тойлаушылардың бірі Бұлақ және Талдысай ауылдық округтерінің учаскелік полиция инспекторы Нариман Улянов болды.

 

 

“Өте жайлы үй. Бұған дейін өз баспанамыз болған жоқ. Әйелім, екі баламмен бірге 3 пәтер ауыстырыппыз. Енді пәтерден шығарып жіберуі мүмкін деген ойлар мені мазаламайды. Қызметтік тұрғын үй – мен және әріптестерім үшін үлкен қолдау және ынталандыру”, – деп атап өтті полицей.

 

 

Аудан әкімі Болат Құловтың айтуынша, ауылға қажетті мамандар үшін мұндай үйлер барлық ауылдық округтерде кезекпен салынады.
“Биыл бастауын алған құрылыс, келесі жылы Өтекте, Қызылжарда және одан әрі басқа ауылдарда жалғасуы жоспарланған”, – деп хабарлады аудан әкімі.

 

Оңдасын Оразалин Әлия ауылында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектепті аралап көрді. Ғимарат “Ауыл ел бесігі” бағдарламасы аясында түбегейлі жаңартылуда. 1974 жылы салынған, жалпы ауданы 2300 шаршы метрге жуық мектепте едендер, терезелер, шатырлар, инженерлік желілер ауыстырылды. Қасбетті және оған іргелес аумақты ретке келтірілуде.
Облыс әкімі барлық жұмыстарды қазан айының ортасынан кешіктірмей аяқтауды тапсырды, осылайша екінші тоқсанда толыққанды оқу процесі басталады.
Аймақ басшысы Бұлақ ауылында Қобда ауданының тумасы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға арналған жаңа мұражайдың ашылу рәсіміне қатысты. Айта кету керек, мұражай жеке қаражатқа салынған. Демеуші жергілікті шаруа қожалығының басшысы Жолдас Сүйін болды. Мұражай қоршалған және абаттандырылған іргелес аумағы бар жалпы ауданы 80 шаршы метр ғимарат болып табылады. Жақын арада ол коммуналдық меншікке беріледі және Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейінің филиалы ретінде жұмыс істейді.
Сонымен қатар, облыс әкімі Талдысай ауылынан оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан Абат-Байтақ кесенесін, Республикалық маңызы бар ескерткішті абаттандыру жұмыстарын көрді. ХIV-XV ғасырларға жататын тарихи ескерткіштің аумағын абаттандыру бойынша ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралар іс жүзінде аяқталды.

 

 

Өңір басшысының тапсырмасы бойынша қазан айының ортасында И.Білтабанов атындағы ауылдың мәдениет үйіне күрделі жөндеу аяқталуы тиіс. Мердігер объектідегі жұмыстарға тамыз айында кірісті. “Ауыл ел бесігі” бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу аясында терезе блоктарын ауыстырды, қасбетін жаңартты және т. б.

 

 

Ауылда қазіргі уақытта жаңа дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Осы жылдың қазан айында медицина қызметкерлері ауыл тұрғындарын медициналық қызмет көрсету стандарттарына сәйкес келетін кең әрі жарық ғимаратта қабылдайтын болады. Амбулаторияның жоспарлы мүмкіндігі – ауысымына 30 адам.

 

 

Аудан орталығында Оңдасын Оразалин аудандық прокуратураның жаңа ғимаратын, “Отан-Ана” саябағын аралап, Ы. Алтынсарин көшесіндегі сквер құрылысының барысымен танысты. Жаңа қоғамдық кеңістіктің жалпы ауданы 3 000 шаршы метрді құрайды. Жұмыстарды қазан айында аяқтау жоспарлануда. Облыс әкімі мұнда алғашқылардың бірі болып ағаш отырғызды.

 

 

Өңір басшысы Терісаққан ауылында да болды, онда 60 орындық мектептің құрылысы белсенді жүргізілуде. Мектеп ғимаратының жалпы ауданы 1200 шаршы метрден асады. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі Қобда ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.