ҚИНАЛҒАН ШАҚТА КІМ БОЛАСЫҢ – ОЛ ӨЗ ТАҢДАУЫҢ

Күндердің күнінде қызы әкесіне келіп, мұңын шағыпты:
– Әке, мен шаршадым. Жұмыста да қиындықтар көп, ал тұрмыстағы өмірім тіпті айтуға келмейді… Не істеймін, ақыл беріңізші,- дейді.
Әкесі:
– Айтып отырғаннан көрсеткенім дұрыс болар,- деп отқа үш ыдыс қояды.Оның біріне сәбіз, екіншісіне жұмыртқа, ал үшіншісіне кофе салыпты.
Бірнеше минуттан соң ыдыстарды оттан түсіріп, қызынан:
– Қайнаған су не өзгертті? – деп сұрайды.
– Сәбіз бен жұмыртқа піскен болар, ал кофе еріп кетті, – деп жауап береді қыз.
– Дұрыс, – дейді әкесі, – ал егер тереңірек үңілсек, қайнаған су қатты сәбізді жұмсартқанын, ал жұмыртқаны қатайтқанын көреміз. Сырты өзгермегенімен, іші өзгерді. Адамдар да солай. Бір сәтсіздік әлсізді мықтыға айналдырса, мықты деген адамды жығып салуы мүмкін.
– Ал кофе ше? – деп сұрайды қыз.
– Кофе туралы әңгіме бөлек. Ол су қайнаған сайын еріп, оны иісі аңқыған дәмді сусынға айналдырды. Қандай қиындыққа кезіксе де өзгермейтін адамдар болады. Олар әр қателігінен сабақ алып, білімге ұмтылып, әр сәтсіздігін өмірін өзгертуге пайдаланады.