🔷QazVac авторы мен медицина саласының сарапшылары Ақтөбеде болашақ дәрігерлермен ұлттық құндылықтарды талқылады
👩⚕️👨⚕️Бүгін Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде оқитын 500-ден аса студент «Жастар және жалпыұлттық құндылықтар» тақырыбында өткен TEDx форматындағы мазмұнды кездесуге жиналды.
🏛️Шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысты. Сондай-ақ, QazVac вакцинасының авторы, биология ғылымдарының авторы Күнсұлу Закарья, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер, Халықаралық «Алтын скальпель» сыйлығының иегері, «Қазақстанның интервенциялық кардиологтар және рентгенхирургтар қоғамының» вице-президенті Мыңжылқы Бердіқожаев, спорт медицинасы және реабилитология саласының білгірі, халықаралық деңгейде танылған ғалым, профессор, PhD дәрежесінің иегері Елтай Рахманов сияқты тұлғалар арнайы қонақ ретінде шақырылған.
🎯Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен жалпыұлттық құндылықтарды жастарға кеңінен түсіндіру, «Әділетті Қазақстан» идеясын дәріптеу және болашақ медицина мамандарының азаматтық жауапкершілігін арттыру. Бұл ретте Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Еңбек адамы» және «Таза Қазақстан» бағдарламалары аясында адал еңбек пен кәсіби жауапкершіліктің маңызына айырықша назар аударылды.
🌍Алқалы жиын барысында елді, жерді сүю, отаншылдық, әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық, заң мен тәртіп, бірлік пен ынтымақ сынды құндылықтар жеке тақырыптар аясында қозғалды.
💬«Мен қарапайым отбасыда тәрбиелендім. Әкем мен анам медицина саласында қызмет етті. «Дәрігер бол, осы университетке оқуға түс» деп, ақыл-кеңесін айтып отырды. Бірақ, мен басқа саланы таңдадым. Ата-анам берген тәрбие мені өмірде табандылыққа, жауапкершілікке және өз күшіме сенуге үйретті. Сіздерге айтпағым, әр минутты тиімді пайдаланыңыздар. Жаманнан жиреніп, жақсыны үйреніңіздер. Әрбір ісіңіз, әр қадамыңыз – арманыңызға жетудің нақты жолы. Сондықтан өзіңізге сеніңіз, талпыныңыз, күш-қуатыңызды толық пайдаланыңыз және ешқашан қиындыққа берілмеңіз. Өмірде кездесетін сынақтар мен кедергілер – сізді мықты әрі табанды ету үшін беріледі. Әр азаматтың жетістігі – еліміздің жарқын болашағының негізі екенін ұмытпаңыз», — деп өңір басшысы болашақ ақхалаттыларға жол сілтеді.
🔬Пандемия кезеңіндегі отандық ғылым жетістігі де назардан тыс қалмады. QazVac вакцинасын жасаған ғалым, биология ғылымдарының докторы Күнсұлу Закарья «Жасампаздық пен жаңашылдық» тақырыбында сөз сөйлеп, ғылымға адалдық пен табандылықтың нәтижесі туралы тәжірибесімен бөлісті.
💬«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының алдында бір жарым сағат отырып, отандық вакцинаның тигізер пайдасын, ғылымды дамыту жолындағы ойларымды айтып, үлкен қолдауға болдық. Жарты жыл ішінде QazVac вакцинасы өндіру үшін қаржы мен рұқсатымызды алдық. Дүниежүзіндегі бес мемлекет дайындағы вакцина қатарына біздің, отандық вакцина қосылды. Бұл — отандық ғылымның әлеуеті жоғары екенін дәлелдеген, қазақстандық ғалымдардың табандылығы мен елге деген жанашырлығының нақты көрінісі», — деді ғалым.
🌟Сондай-ақ, 7500-ден астам күрделі ота жасаған жоғары санатты нейрохирург, халықаралық «Алтын скальпель» сыйлығының иегері Мынжылқы Бердіқожаев «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік» құндылығы жөнінде баяндама жасады.
⚖️«Әділдік пен жауапкершілік» тақырыбын халықаралық деңгейде танылған ғалым, спорт медицинасы және реабилитология саласының маманы Елтай Өтемұратұлы ашып, медицинадағы әділ шешім мен кәсіби этиканың маңызын атап өтті.
🚨 Ал «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев сөз сөйлеп, қоғамдағы қауіпсіздік пен заң үстемдігінің рөліне тоқталды.
🧠Кездесу барысында медицина ғылымдарының кандидаты Вадим Медовщиков «Бірлік пен ынтымақ» тақырыбында көптілділік, сабақтастық және медициналық білім берудегі заманауи тәсілдер туралы ой қозғады.
——-
🔷В Актобе авторы QazVac и эксперты в сфере медицины обсудили с будущими врачами национальные ценности
👩⚕️👨⚕️Сегодня более 500 студентов Западно-Казахстанского медицинского университета имени Марата Оспановав Актобе собрались на содержательную встречу в формате TEDx на тему «Молодежь и общенациональные ценности».
🏛️В мероприятии принял участие аким Актюбинской области Асхат Шахаров. Также в качестве специальных гостей были приглашены автор вакцины QazVac, доктор биологических наук Кунсулу Закарья, врач-нейрохирург высшей категории, лауреат международной премии «Золотой скальпель», вице-президент «Общества интервенционных кардиологов и рентгенхирургов Казахстана» Мынжылкы Бердикожаев, а также известный специалист в области спортивной медицины и реабилитологии, ученый международного уровня, профессор, обладатель степени PhD Елтай Рахманов.
🎯Основная цель встречи – широкое разъяснение молодежи общенациональных ценностей, утвержденных Главой государства Касым-Жомартом Токаевым, популяризация идеи «Справедливый Казахстан» и повышение гражданской ответственности будущих медицинских специалистов. В этом контексте особое внимание было уделено значению честного труда и профессиональной ответственности в рамках реализуемых по инициативе Президента программ «Человек труда» и «Таза Қазақстан».
🌍 В ходе встречи обсуждались такие ценности, как любовь к стране и родной земле, патриотизм, справедливость и ответственность, трудолюбие и профессиональная компетентность, созидательность и новаторство, закон и порядок, единство и согласие, каждая из них была рассмотрена в рамках отдельных тематических блоков.
💬«Я вырос в простой семье. Мои родители работали в сфере медицины. Они советовали мне стать врачом и поступить именно в этот университет. Однако я выбрал другое направление. Воспитание, полученное от родителей, научило меня в жизни настойчивости, ответственности и вере в собственные силы. Хочу сказать вам: используйте каждую минуту с пользой. Сторонитесь плохого и перенимайте лучшее. Каждое ваше дело, каждый шаг – это реальный путь к достижению мечты. Поэтому верьте в себя, стремитесь вперед, полностью используйте свой потенциал и никогда не сдавайтесь перед трудностями. Испытания и преграды, которые встречаются в жизни, даются для того, чтобы сделать вас сильнее. Помните, что успех каждого гражданина – основа светлого будущего нашей страны», — обратился глава региона к будущим врачам.
🔬Достижения отечественной науки во время пандемии также не остались без внимания. Ученый, доктор биологических наук Кунсулу Закарья, создавшая вакцину QazVac, выступила с речью на тему «Созидательность и новаторство», поделившись своим опытом о том, как преданность науке и настойчивость приводят к результату.
💬«Мы провели полтора часа в беседе с Президентом страны Касым-Жомартом Кемелевичем, рассказывая о пользе отечественной вакцины и о своих идеях по развитию науки, и получили большую поддержку. За полгода мы получили финансирование и разрешения на производство вакцины QazVac. Наша отечественная вакцина вошла в число готовых вакцин в пяти странах мира. Это наглядно доказало высокий потенциал отечественной науки и настойчивость казахстанских ученых, их заботу о стране», — отметила ученый.
🌟Также о ценности «Трудолюбие и профессиональная компетентность» выступил высококвалифицированный нейрохирург и лауреат международной премии «Золотой скальпель» Мынжылкы Бердикожаев, выполнивший более 7 500 сложных операций.
⚖️ Тему «Справедливость и ответственность» раскрыл ученый, признанный на международном уровне, и специалист в области спортивной медицины и реабилитологии Елтай Утемуратович, подчеркнув важность справедливых решений и профессиональной этики в медицине.
🚨В рамках принципа «Закон и порядок» выступил первый заместитель прокурора области Талгат Алибаев, который остановился на роли безопасности общества и верховенства закона.
🌐Во время встречи кандидат медицинских наук Вадим Медовщиковподнял тему «Единство и согласие», обсудив многоязычие, преемственность и современные подходы в медицинском образовании.



