Қазіргі таңда жағдай тұрақты

Елімізде «коронавирус » инфекциясын жұқтырған адам саны 101 372 — ге жетті.
Ал өткен тәулікте 517 жағдай тіркелді.
Оның ішінде:
— ауру белгілерімен — 278,
— ауру белгілері жоқ — 239.
Сарысу ауданы бойынша 176-жағдай тіркеліп,
есептен-175 шықты, есепте тұрғаны-1 жағдай.
175 науқас 14 күн бақылауға алынып емделіп шықты, қазіргі танда жағдайлары тұрақты.
Сондықтан тұрғылықты аудан тұрғындары Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылы 3 шілдедегі №44 Қаулысына сәйкес Сіздердің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтау мақсатында карантиндік шараларды қатаң сақтауларыңызды сұраймын.
Жабық нысандарда болған барлық тұлғалар міндетті түрде маска киюлері тиіс яғни дәріханалар, дүкендер, офистер, медұйымдар, ХҚКО, қоғамдық көлікте және адам көп шоғырланатын орталық базарларда маскалық режим қатаң сақталсын.
Карантин режимінді бұзған жағдайда маскасыз жүрген жеке тұлғаға 30 АЕК айыппұл, ал заңды тұлғаға 230 АЕК айыппұл салынатын ескертеміз.
Аудан бойынша 12 мобилдік топ құрылып халық көп шоғырланған жерлерде санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алайда, бүгінгі танда карантин режимін бұзған 4 жеке тұлғаға айыппұл салынды.
Сәкен Артықбаев, Сарысу аудандық Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы