«QazAvtoJol» ҰК» АҚ қызметкерлері #Birge #TazaQazaqstan ЭКО-челендж қозғалысын қолдайды

 

Бүгін «QazAvtoJol» ҰК» АҚ қызметкерлері #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдау мақсатында сенбілікке шықты.

Ұлттық компания ұжымы Елорда әуежайының маңындағы Қарасу өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. Эко-акция арқасында 100-ден астам қоқыс қаптары жиналып шығарылды.

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліп барлық өңірдегі филиалдарды да қоғамның экологиялық мәдениеттілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына бағытталған ЭКО-челенджді қолдауға шақырды.