ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМДАРЫ

Қазақта жаман болады деп қана айтады.
Сіздер мағынасын біліңіздер,!
“Екі жеңінді киіп жүр, екі женді кимеген- елге кесір, бір женді кимеген- өзіңе кесір” дейтін.
Қолы жоқ адам ғана, женді кимейді.
Екі қолыңды артына ұстама дегені, жазалы адамның қолың артына байлайды. Сол себепті жамандықты шақырма деп ескерткені.
Ошақтан от шығартпайды.
От- тіршілік. Отың сөнбесін. Отты үйіңнен шығарсаң, үйіңнен ырысын кетіп, отың сөнеді деген ұғым.
Екі кештің арасында жатқызбауы, кешке қарай адамның қуаты азайып, ауру күшейеді.
Сондықтан күн ұясына батқанда жатып, күн шыққанда тұрсаң, күн нұрының шапағатына бөленіп, ерте тұрғанның, бірі ісі бітеді деп ескерткені.
Табалдырықты баспа, маңдайшаға асылма дегені. Жамандықты жеткізгенде, жау адам есікті керіп, табалдырықты басып, үстемдігің көрсетеді.
Табалдырықты басу, қазақ үшін қорлық.
Ол- адамды тірідей өлтіру.
Жігітті Қантарда үйлендірмейді, қантарылып қалуы мүмкін.
Қыста үйлену қолайсыздық тудырады.
Қазақтың бар сенгені мал болғандықтан, қыста мал арық болғандықтан, қазақ тойды мал семіріп, жер аяғы кеңігенде жасауы заңдылық.
Райхан Матай