Қазақстанда 2021 жылы Индустрияландыру картасы бойынша 144 жоба іске қосылды

2021 жылы Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге 144 жоба пайдалануға берілді. Бұл кәсіпорындарда 12,9 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

Жобалардың ең көп саны Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында іске асырылды.

Қарағанды облысының ірі жобаларының ішінде келесілер атап өтілді.

Жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғырту және «Жәйрем КБК» АҚ байыту фабрикасының құрылысы. Заманауи полиметалл байыту фабрикасының қуаттылығы жылына 5 млн тоннаға жуық кенді өңдеуге мүмкіндік береді. 400-ге жуық қосымша жұмыс орны ашылды. ЖКБК Қазақстандағы мырыш және қорғасын концентраттарының ең үлкен өндірушісі болады деп күтілуде.

«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС – қолданыстағы сульфидті фабриканы қайталау арқылы Ақтоғай КБК-нің қайта өңдеу қуатын кеңейту.

Жоба 2017 жылы басталды. Комбинаттың екінші кезегін іске қосу кен өңдеуді жылына 25 млн тоннадан 50 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. 2022 жылдан бастап кен орнында 190 мың тонна мыс, оның ішінде 20 мың тонна катодты мыс өндіріледі деп жоспарлануда.

«Qaz Carbon» ЖШС – агломерациялық фабрикасы бар Сарыарқа ферроқорытпа зауытының құрылысы. Кәсіпорын ерекшелігі деп осында орналасқан қондырғыларды сұранысқа ие өнім шығаруға жедел мерзімде қалыптастыру болып табылады.

Өнімнің сегіз түрі бар, олар: Nippon Steel, Marubeni Corporation, «АрселорМиттал» (Люксембург) және т.б. сияқты шетелдік алыптардың сұранысына ие.

«QazTehna» ЖШС – Саран қаласында Yutong жолаушылар автобустарын өндіру. Кәсіпорынның жалпы өндірістік қуаты 1 200 бірлік жолаушылар автобусы мен электр автобустарын, сондай-ақ Yutong брендінің карьерлік, құрылыс және жол техникасының 500 бірлігін құрайды.

Өндірілетін өнімнің негізгі тұтынушылары Қазақстанның көлік, тау-кен және өнеркәсіптік компаниялары болып табылады. Болашақта таяу шет елдердің нарығына шығу қарастырылуда.

 

Жомарт Шаймұрат