ҚАЗАҚ ПЕН КИІК

Қазақ пен Киік, басынан бәрін өткерген,
Екеуі – дағы, қуғынды қалқам, көп көрген.
Текелер сынды – текті ұлдар оққа ұшқан – ды,
Өтетін кезде, үйірді бастап өткелден!

Қырылды қазақ – аштық пен соғыс, зұлматтан,
Қырылды Киік – нәубеттен келген, бір жақтан!
Аңырап көшті қазақта Киік секілді,
Тарихы ұқсас, қасіреті ортақ мың батпан!

Бөкендер кезген, даланы мына қазақтай,
Тәңірім, оны, бермеші енді азаптай.
Қазақтың жері – бөкеннің жалғыз Отаны,
Олар да білсең, қазақтар сынды аз-ақ қой!!!

 

Нағашыбай Қабылбектің

фейсбук парақшасынан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған