Qazaq Creative және Qazaq Óner: Дәстүрлі қолөнерді дамытудың жаңа кезеңі
Қолөнер бүгінде мәдени мұраны сақтаумен қатар, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа өнімдер қалыптастыруға және креативті экономиканың әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі. Алматы қаласында қолөнершілерді біріктіретін Qazaq Óner орталығына барып, қызметімен таныстым. Орталық киіз басу, керамика, зергерлік өнер, тоқымашылық, кесте тігу, батик және сәндік-қолданбалы өнердің өзге де бағыттарында жұмыс істейтін шеберлерді, дизайнерлер мен шығармашылық кәсіп өкілдерін біріктіреді. Орталық жетекшісі, Qazaq Óner ұлттық қауымдастығының президенті Айгүл Жансерікпен Qazaq Creative пен орталық арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындадық.
Атап айтқанда, қолөнершілерді қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, білім беру және акселерациялық бағдарламалар өткізу, ұлттық брендтерді ілгерілету, өнімдерді нарыққа шығару және халықаралық деңгейде таныту мәселелері қаралды. Qazaq Creative үшін дәстүрлі қолөнерді заманауи даму құралдарымен ұштастырып, оны тұрақты креативті индустрияның бір бағытына айналдыру маңызды.
Ерлан Каналимов facebook парақшасынан https://www.facebook.com/Kanalimov/posts/pfbid02s8aNYVedaenXud1MXveSR8WoJKNnbzvBBfKxnvAS3mvTTuF3M7qXFjjGCcckbpQTl





