Qazaq Creative Hub: Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен кездесті

Жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, тың идеяларын қолдау және оларды табысты кәсіпке айналдыру — креативті экономиканы дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Бұл ретте мемлекет пен шығармашыл қауым арасындағы ашық диалогтың маңызы зор. Qazaq Creative Hub алаңында Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген міндеттер, жастарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары, цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктері талқыланды.
Мәдениет және ақпарат министрі «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына және жас мамандардың кәсіби дамуына ерекше назар аударды. Кездесуге дизайнерлер, режиссерлер, музыканттар, продюсерлер, кәсіпкерлер мен түрлі саланың жас өкілдері қатысып, ұсыныстарын жеткізді. Креативті индустрияларды дамыту қоры үшін жастардың қабілетін шыңдап, шығармашылық еңбектен табыс табуына жағдай жасау маңызды.
Ерлан Каналимов facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1Bqs9VKEoE/