«QAZ Intellekt» интеллектуалды-зияткерлік ойыны

Отанымыздың гүлденіп, қарыштауы, егемен еліміздің асқақтауы, болашағымыздың жарқын болуы тікелей жастарға байланысты. Әрбір қоғамда жастар мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болатыны анық. Осы орайда, ауданымызда Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында «QAZ Intellekt» атты интеллектуалды-зияткерлік ойыны өткізілді.
Интеллектуалды-зияткерлік ойынын өткізудегі басты мақсаты аудан тарихын жастар арасында дәріптеп, түрлі зейінді дамытуға арналған ойындар, түрлі салалар мен олардың маңызын білу арқылы өзара пікір алмасып, әріптестік қарым қатынасты нығайту. Аталмыш шараға «Аудандық орталық аурухана жастары» және «Аудан белсенділері» , «М.Әуезов мектебі», » Ш.Уалиханов мектебі», «Абылайхан мектебі», » Аудандық полиция жастары», » ГПК Казфосфат жастарынан» құралған командалар қатысты. 7 кезеңнен құралған сайыс қорытындысы бойынша үздік шыққан «ГПК Казфосфат» командасы 1 — орын иеленді, «Абылайхан мектебі» командасы 2 — орын және «М. Әуезов» командасы жүлделі 3 — орынды иеленді. Жеңімпаздарды Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Қ.Серимов құттықтап, қатысқан командаларға алғысын білдірді. Ұйымдастырушылар тарапынн бағалы сыйлықтар мен марапаттау қағазы тапсырылды.
Ауданымыздың тарихы мен шежіресін кеңінен қозғайтын осындай маңызды шаралар алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.