Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Қыран қанатты Қасым» бейнелеу өнері туындыларының облыстық онлайн байқауы өтті

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қасым Аманжоловтың 110 жылдығы және өмірі мен шығармашылығына арналған «Қыран қанатты Қасым» бейнелеу өнері туындыларының облыстық онлайн байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

 

 

Байқау Қарағанды облысының кәсіби суретшілері мен қолөнер бағдарының мұғалімдері арасында ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты, бейнелеу өнері арқылы Қасым Аманжоловтың әдеби мұрасын дәріптеу, тарихи-мәдени мұрамызды визуализациялау және дәріптеумен қатар ақынның өмірі мен шығармашылығы мысалында өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

 

 

 

Сайысқа облысымыздың әр өңірінен 21 суретші қатысты.

Сайыстың жеңімпаздары: Аманбаев Манатбек, Темірғалиев Ерсін, Серик Оразгулов, Адыгезалов Мохубат Мадат оглы арнайы алғысхат пен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Жомарт Шаймұрат