ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР

Қазақ қашанда қарттың сөзіне тоқтап, ақылын тыңдап, тәрбиесімен сусындап өскен. Қариясын қазынасындай көріп, даналықтың алтын кілті ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз деп білген.
Себебі «қарты бар үйдің қазынасы бар» деген аталы сөз бар. Қариясы бар әрбір шаңырақтың шаттығы сақталады, бірлігі бекем болып, ақылшысы да бола алады. Бәріне белгілі, ата-әжесі бар үйдің балалары өзгеден ерек, жауһар сөз­дерін саналарына сіңіріп, аталы сөзді баталы сөз деп өседі. Немере үшін үлкеннің маңдайдан иіскеп, үнемі тілекші болып, қуанышына жас балаша мәз болғанынан, ата-әжелер үшін немерелерінің «ата­лап­», «әжелеген» былдырына жетер ештеңе жоқ.
1 наурыз Алғыс айту күніне орай Досбол ауылдық округінің Жастар ісі жөніндегі инспекторының Б.Қыстаубаевтың ұиымдастыруымен қарт кісілерге көмек көрсетілді.
Игі шара қарияларға қуаныш сыйлап, ақ баталарын берді.

 

 

Сарысу ауданы