Қарқаралыда 72 отбасы пәтер кілтіне ие болды

Қарқаралыда Тұңғыш Президент күні және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 72 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Жаңа қоныс иелерін қала әкімі Берік Тоқмырзин қуанышты оқиғамен құттықтады.

Шаршы метр иегерлерінің арасында жетім балалар, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, көп балалы және толық емес отбасылар бар. Оларға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған Тоқтар Әубәкіров көшесіндегі төрт жаңа үйдің кілті табысталды.

Бастауыш сынып мұғалімі Кәмшат Мұстафина үш бөлмелі пәтер алды. Ол күйеуімен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр.

– Біз шамамен бес жыл кезекте тұрдық. Осы жылдар ішінде біз үш бөлмелі үйде күйеуімнің ата-анасымен бірге тұрамыз. Әрине, тар болды, – деп мойындайды Кәмшат. – Өз

баспанамызды алу біз үшін өте қуанышты оқиға. Бізге пәтер ұнады, біз көшуге дайындалып жатырмыз.

Қарқаралыда тұрғын үй кезегінде барлығы 448 адам тұр. Оның 35-і «көп балалы отбасылар» санаты бойынша.