«ҚАРАЛМА» кешені құрылысымен танысты

Мейрамбек Мылтықбайұлы бұдан соң «Қаралама» тау-шаңғы туристік кешеніне барып, мән-жайды өз көзімен көріп, кәсіпкермен кездесіп қайтты.

Кешендегі жұмыс барысын аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы мен «Таразстрой-2004» ЖШС-нің директоры Қуат Баққараев баяндады.

Бүгінгі таңда кешенге барар жол салынған, газ, су құбырлары тартылған. Электр жарығы жүргізілген.

Бүгінгі таңда «Қаралма» тау-шаңғы спорт кешенінің инвесторы «Таразстрой-2004» ЖШС-ның өндірістік инфрақұрылым (сумен жабдықтау және кәріз жүйесін) жүргізу мақсатында құжаттары толығымен жинақталып, өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешімін алды. Бұдан әрі, жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында тиісті басқарма басшыларымен ҚР ҰЭМ-де жобаның тиімділігі қаралып, мақұлданды. Жалпы жоба құны 583,4 млн.теңгені құрайды. Мемлекеттік сатып алу порталы арықылы инфрақұрылымды жүргізуге конкурс жарияланып, 424,0 млн.тг «Таразстрой-2004» ЖШС-гі жеңімпаз атанып сатып алу заңдарына сәйкес құжаттары рәсімделіп, инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
Қысқасы кәсіпкердің айтуынша мұнда жұмыс 80 пайызға атқарылған. Қалған жұмыстар алдағы уақытта атқарылып, жыл соңына дейін іске қосылады деп нақты жоспарлануда.
Асхат Базарбайұлы жоспардан тыс кешенге жазғы бассейн салу жоспарланып отырғанын айтты. Сонымен бірге жазда бие байлап, қымыз дайындау тағы да басқа кәсіпкерлік түрлерімен халыққа қызмет көрсету жүзеге асатыны жоспарланып отырғанын жеткізді.