ҚАРАКЕМЕРДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР

Қаракемер- Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы байырғы елдімекен.
Осы ауылда 25 орынды амбулатория құрылысы жүргізілуде.
«AMANAT” партиясының Сайлауалды бағдврламасын жүзеге асыру » Жол картасында» көрсетілген нысандар дер мезгілінде пайдалануға беру аса маңызды. Барлық жағдай барысы пысықталды.
Бұл құрылыс аяқталуға жақын.

Ал, бұрынғы медициналық ғимарат жас дәрігерлер үшін жатақхана болмақ.
Ал, Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездестік.
Түйінді мәселелер аз емес.
Ардагер аға О. Абдрайымов ауыз су мәселесі түпкілікті шешілмей келеді дейді. Күніне 2 сағат су беріледі.
Мәселе орынды. Бізге белгілісі, жобалық қүжаттамасы жасалған. 526 млн тг.
Спорт алаңшасын жөндеу, 248 млн қаржыға әмбебап спорт кешенін салуға конкурс жарияланғанын айттық.
Әлеуметтік жәрдем, әйел кісілерге зейнет жасын азайту, балабақша қызметкерлердің жалақысын көбейту жағын қарастыру туралы ой қозғалды.
Қоғамда заң үстемдігін орнату, ашықтық пен жариялылық- өркениетті даму жолы деген жұрт ықыласы мол.
Мейрамбек Төлепберген