Қарағандылық жастарды Абай оқуларына қатысуға шақырадыҚарағандылық жастарды Абай оқуларына қатысуға шақырады

Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы 16–25 жас аралығындағы жастарды «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін…» атты XV Абай оқуларына қатысуға шақырады.

Байқау мемлекеттік тілде онлайн форматта екі номинация бойынша өтеді: «Арнау» — Абай Құнанбаевқа арнау және «Бейнеролик». Әр қатысушы номинациялардың біріне қатыса алады.

Ол үшін ұлы ақынға арнау немесе Абай Құнанбаев және оның өмірі мен шығармашылығы туралы креативті бейнеролик ұсыну қажет. Арнау байқау тақырыбына сәйкес поэтикалық түрде орындалуы керек. Өлшемшарттар: А4-формат, Microsoft Word, қаріп – Times New Roman, қаріп өлшемі – 14, жоларалық интервал – 1. Бейнеролик номинациясына қойылатын техникалық талаптар: MP3, бейне сапасы – 720P (HD), 1080p (FullHD). Роликтің ұзақтығы үш минутқа дейін.

Ескертпе: жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа конкурстарға берілген және талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қабылданбайды.

Байқау жұмыстары ұйымдастырушыларға электронды түрде karaganda_oub@mail.ru поштаға жіберілуі тиіс. Өтініммен бірге жеке куәліктің көшірмесін, фотосуретті, қатысушы туралы ақпаратты, электрондық поштаны, байланыс нөмірін жіберіп, номинацияны көрсету керек.

Өтінімдер 5 қыркүйекке дейін қабылданады. Марапаттау рәсімі 22 қыркүйекте өтеді. Жеңімпаздарды дипломдар мен сыйлықтар күтеді.

Байқау туралы толық ақпаратты (8-7212) 43-07-04, 43-06-50 телефондары арқылы алуға болады.

 

                                                                                                                                                  Жомарт Шаймұрат