Қарағандыға жәрдем көлігі келді

Қарағанды облысының медициналық мекемелеріне Shevrolet Damas маркалы бес жедел жәрдем көлігі және құрал-жабдықтары бар гуманитарлық жүк келді. Облыс 5 өкпені жасанды желдету аппаратын (ӨЖЖ), 5 оттегі концентраторын, 80 пульсоксиметр алды. «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында көмек көрсетілді. Жабдықты «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры сатып алып, өңірлерге таратты.

 

 

— Биыл дәрігерлердің иығына ауыр сынақ түсті. Ұзақ уақыт бойы олар демалыссыз, отбасыларынан алыс жерде коронавирустың таралуымен күресіп, жерлестерінің өмірін сақтап қалды. Жедел түрде инфекциялық және провизорлық госпитальдар орналастырылып, медициналық жабдықтар, дәрілік препараттар сатып алынды. Жанашыр азаматтардың, меценаттар мен бизнестің жан-жақты қолдауының арқасында көп нәрсе жасалды және осылайша одан да үлкен зардаптардың алды алынды. Көрсетілген көмек үшін облыс тұрғындарының атынан ерекше алғысымызды білдіреміз, — деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

 

Аяулым СОВЕТ,

ҚАРАҒАНДЫ.