Қарағандыда жаңа инклюзивті сыныптарға қабылдау жарияланды

Қарағандыда 7–11 жас аралығындағы ерекше балаларды инклюзивті сыныптарға шақырады. № 48 және 82 мектептерде, сондай-ақ № 33 мектеп-балабақша кешенінде инклюзияны қолдаудың жаңа кабинеттеріне қабылдау басталды.

Өтінімдерді «Болашақ» корпоративтік қоры облыстың білім басқармасымен бірлесіп қабылдайды. «Әр бала мектепке лайық» жобасы аутизммен және басқа да менталдық бұзылулары бар балаларды әлеуметтендіруге көмектеседі.
Өтінімдер 15 тамызға дейін қабылданады. Қордың Instagram-дағы парақшасындағы форманы толтыру қажет.
Сұрақтармен (8-7172) 500-618 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Жомарт Шаймұрат