Қарағандыда көпбалалы аналар үшін тегін тігін шеберлік сабақтары ұйымдастырылды

“Шаңырақ” көп балалы отбасыларды қолдау орталығы “Қоғамдық келісім” КММ-мен бірлесіп, тақиялар мен тойбастар тігу бойынша екі күндік тегін курстарды ұйымдастырды. Шеберлік сабағын “Ісмер” ұлттық қолөнершілер клубының мамандары өткізеді. Оқудан 20 көп балалы ана өтеді.
– Курстың бірінші күні 10 әйел тақия тігуді үйренсе, екінші күні тағы 10 ана тойбастар жасау өнерін меңгереді. Курстардың арқасында олар жаңа дағдыларға ие болады, мүмкін бұл бизнес ашуға және отбасының табысын арттыруға көмектесер. Қатысушыларға сертификаттар беріледі, – деді “Шаңырақ” көп балалы отбасыларды қолдау орталығының өкілі Айша Сүлейменова.

 

Шынар Нұрмағамбетова төрт бала тәрбиелеп отыр, олардың үлкені – ерекше бала. Курстар туралы біліп, ол тақия тігуді үйренді.
– Менің төрт балам бар, үлкені 14 жаста, ал кішісі 6 жаста. Тақияларды тігу бойынша шеберлік сабағы болатынын білгенде, бірден жазылдым. Мен тігін тігіп, үйде отырып ақша табуды үйренуді шештім. Бұл курстарға менімен қызым да келді, оның қызығушылығы бар, тігуді ұнатады, – дейді Шынар Нұрмағамбетова.
“Шаңырақ” көп балалы отбасыларды қолдау орталығында атап өткендей, бір жарым жыл ішінде алты түрлі шеберлік сабағы өткізілді, онда 70-ке жуық әйел оқытылды.
Тамыз айында “Шаңырақта” шаштараз өнері, визаж, аспаздық, тоқу және т. б. курстар өтеді.

Жомарт Шаймұрат