Қарағандыда ипподром құрылысы жүргізілелтін орын таңдалды

 

Қарағандыда ипподром құрылысы үшін жер телімі бөлінді. Ол Күнгей шағын ауданы мен Үштөбе кенті арасында орналасады. Бүгінгі таңда облыста ат спортының 11 түрімен 42 мыңнан астам адам айналысады.

Бірнеше жылдан бері қалада ипподром салу қажеттілігі мәселесі талқылануда. Біздің қаламыздан басқа барлық облыс орталықтарында осындай нысандар бар екендігі бірнеше рет айтылды. Көптен бері мұндай нәтижеге қол жеткізе алмай жүрген едік. Ат спортын дамыту үшін тиісті инфрақұрылым қажет. Қазақстан чемпионатында бірінші лигада екінші орын алып, Жоғарғы лигада өнер көрсету құқығына ие болған көкпар бойынша біздің құраманың жақында өнер көрсетуі үлкен жетістік болды. Қарағанды облысы көптен бері мұндай нәтижеге қол жеткізе аллмай келді. Ал жаттығуға арналған өзіміздің базамыз болғанда, біздің спортшылар үлкен жетістіктерге жетер еді. Сонымен қатар, бұл республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізу мүмкіндігі.      Бүгінгі таңда ипподром салу мәселесі шешілуде. Жер телімі бөлінді. ЖСҚ әзірленеді, — деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев.

Ипподром құрылысына арналған жер телімінің көлемі – 50 га, ені – 500 м, ұзындығы — 1 км. Бүгін біз қазықшаларды қоямыз, қорған қазамыз, — деп түсіндірді Қарағанды қаласының жерге орналастыру бөлімінің жетекші маманы Арман Исаинов.

Темірхан Абылаев ат спортының ұлттық түрлерін дамыту үшін ғана емес, сонымен қатар атқа мініп, шабуды үйренгісі келетін облыс тұрғындары үшін де ипподром құрылысы маңызды деп санайды.

 

                                                                                                          Жомарт Шаймұрат