Қарағанды жоғары оқу орындарының 18 оқытушысы 2021 жылдың қорытындысыбойынша еліміз бойынша үздік атанды

«ЖОО үздік оқытушысы – 2021» байқауыжеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Республикалық конкурстық комиссия мамандықбойынша үздіктердің ішінен ең үздіктерін таңдады, ол тізімнің ішінде Қарағанды облысының 18 педагогы бар.

Бұл жоғары атаққа Қарағанды техникалықуниверситетінің жеті оқытушысыӘділ Қадыров, Алексей Калинин, Медғат Мұсаев, Дмитрий Пак, Василий Портнов, Гүлназира Шаихова жәнеҚорғанбай Шоланов ие болды.

Бұл ретте т. ғ. д., профессорлар Қадыров пенПортнов, сондай-ақ т. ғ. к., доцент Пак бірнеше мәрте«ҚР ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері болыптабылады.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағандыуниверситетінде мемлекеттік гранттарды бес педагогГүлназ Қартбаева, Үмітжан Қосыбаева, БекболатНүсіпбеков, Байжол Кәріпбаев және Әсел Жұминажеңіп алды.

Қарағанды индустриялық университетінің екіоқытушысыЖасұлан Ашкеев пен АндрейВолокитин, сондай-ақ Қазтұтынуодағы Қарағандыуниверситетінің оқытушысы Гүлмира Есенбаева даүздік деп танылды.

Үздіктер қатарында Satbayev University-нің үшоқытушысыБекжан Қосалбаев, ҰлжалғасСейдалиева және Әйгерім Ерімбетова болды.

Байқауға еліміздің 76 жоғары оқу орнынанбарлығы 718 үміткер қатысты. Қазақстандық 45 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы төсбелгі мен сыйлық алады.

Байқау ҚР Білім және ғылым министрлігініңақпараттық жүйесі негізінде өтті, оның көмегіменқатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығынбақылай алды. Қатысу үшін өтінімдер мен құжаттарэлектронды форматта қабылданды. Бұл байқаудыңашықтығын қамтамасыз етті. Комиссия құрамынаҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, қазақстандық ЖОО қауымдастықтарының өкілдеріжәне білім беру саласындағы сарапшылар енгізілді.

 

                                                                                                                                           

                                                                                                        Жомарт Шаймұрат