Қарағанды қаласында Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына 110 түп қайың ағаштары отырғызылды

Қарағанды қаласында Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай ақын ескерткіші маңына 110 түп қайың ағаштары отырғызылды.

Іс-шараға Қазақтың белгілі ақыны, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласынан келген ақын Нұржан  Светқали, Алаштың аймандай ақыны Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы бастаған зиялы қауым өкілдері, жас ақындар, еріктілер және қала тұрғындары қатысты.

 

 

«Қайырымды істер марафоны» аясында 110 түп қайың ағаштарын Теміртау қаласының тұрғыны кәсіпкер, «Исмталькон-Темиртау» ЖШС директоры Георгиади Иван Владимирович қамтамасыз етті.

 

 

Іс-шара барсында Айзада Бүркітқызы, Есей Жеңісұлы, Әсел Бақытқызы және т.б ақындар Қасым Аманжоловтың өлеңдерін оқыды.