Қарағанды қаласында   бәйге түрлері бойынша ашық облыстық турнир өтті

Қарағанды қаласында ағымдағы жылдың 26 маусымы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және астана Күніне арналған бәйге түрлері бойынша ашық облыстық турнир өтті. Осы ауқымды да, көрнекті ұлттық спорт түрі бойынша жарыста жеңіс үшін еліміздің өңірлерінен 150(!) шабандоз бақ сынасты. Біріншіліктің ашылу және марапаттау рәсіміне өңіріміздегі ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының басшысы Нұрсерік Шәріпов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Қарағанды облысының жауынгерлік өнер Қауымдастығының құрметті президенті Кендебай Адамбеков, ДШжСБ басшысы Темірхан Абылаев және басқалар қатысты.

 

 

 

Турнир келешекте ипподром салынатын және спортшыларымыздың жаттығулары үшін лайықты өз базасы болатын жерде өткенін атап өткен жөн. Бұған қоса, бұл республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді, әрі ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық тудырып, әлбетте, жақсы насихат болады. Өткен сенбі күні өткен бәйге жарысы – соның айғағы. Бәйге жарысының барлық түрлерінде  — тай жарысы, құнан жарысы, топ бәйге және әрине, аламан бәйге – қатаң, тартымды сайыс болды. Үздік жігіттер мен ең жүйрік аттардың иелері Қарағанды облысының ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының демеушілігі есебінен бағалы сыйлықтармен, кубоктар және медальдарымен, марапатталды. Аламан бәйгеде (25 ш.) басты жүлде – автокөлік, бәйгенің тағы екі түрінде (тай және құнан жарысы) – мотоциклдер, топ бәйгеде – ақшалай сыйлық 1 млн.тг. Екінші орыннан бастап бесінші орынға дейін ие болған жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар Қарағанды облысының жауынгерлік өнер Қауымдастығы үш номинация бойынша арнайы сыйлықтар тағайындады. Турнирдің ұйымдастырылуы мен жоғары деңгейде өткізілуіне Қарағанды облысының «Арқа» бәйге федерациясы үлкен үлес қосты.

 

 

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атағын жеңіп алғандар:

Аламан бәйге

І- орын – Алматы облысы, Секенай Бөбекбай (Мамайқара)

ІІ — орын – Жамбыл облысы, Берік Оңалбаев (Қарақұс)

ІІІ — орын – Ақтөбе, Қазбек Әлешев (Қайнар)

Топ бәйге

І — орын – Қарағанды облысы, Нұрлыбек Мұхамедияров (Ботагөз)

ІІ — орын – Баянауыл, Сүтжан Каримов (Желқара)

ІІІ — орын – Жамбыл облысы, Жандос Қадырманов (Еспера)

Құнан бәйге

І — орын – Жамбыл облысы, Мұрат Өсербаев (Құралай)

ІІ — орын –Шығыс-Қазақстан облысы, Қуат Үсенов (Қарақат)

ІІІ — орын – Алматы облысы, Іле ауд, Жанколиков әулеті (Лидер)

Тай жарыс

І — орын – Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұрлан Намысов  (Нұрақасқа)

ІІ — орын – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Әсен Саламат (Ақбота)

ІІІ — орын – Қарағанды  облысы,  Жаңаарқа ауданы, Темірхан Тоқбергенов (Аққоян).

 

 В Карагандинской области    прошел  областной турнир по видам байги

 

В Караганде 26 июня т.г. прошел открытый областной турнир по видам байги, посвященный 30-летию Независимости Республики Казахстан и Дню столицы. За победу в этих масштабных, ярких соревнованиях по национальному виду спорта боролись 150(!) наездников из регионов страны. В церемониях открытия первенства и награждения приняли участие глава Ассоциации национальных видов спорта нашего региона Нурсерик Шарипов, заместитель акима Карагандинской области Абзал Нукенов, почетный президент Ассоциации боевых искусств Карагандинской области Кендебай Адамбеков, руководитель УФКиС Темирхан Абылаев и другие.

Отметим, что турнир проходил на месте строительства будущего ипподрома, который станет отличной собственной базой для тренировок наших спортсменов. Плюс это возможность проводить соревнования республиканского и даже международного уровней, что, конечно, вызовет интерес и будет хорошей пропагандой национальных видов спорта. Байга, прошедшая в минувшую субботу, подтвердила это. Во всех ее видах — тай жарысы, құнан жарысы, топ бәйге и, конечно, аламан бәйге, — развернулась жесткая, захватывающая борьба. Лучших джигитов и хозяев самых быстрых и выносливых скакунов наградили ценными призами, кубками и медалями за счет спонсорских средств Ассоциации национальных видов спорта Карагандинской области. Главный приз в аламан бәйге (25 км) – автомобиль, в двух видах (тай жырысы, құнан жарысы) – мотоциклы, в топ бәйге – денежный приз 1 млн.тг. Обладатели от 2 до 5 места были награждены денежными призами. А так же специальные призы в трех номинациях учередила Ассоциация боевых искусств региона. Большое содействие в организации и проведении турнира оказала федерация байги Карагандинской области «Арка».

В итоге победителями и призерами стали:

Аламан бәйге

І место – Алматинская область, Секенай Бөбекбай (Мамайқара)

ІІ место – Жамбылская область, Берік Оңалбаев (Қарақұс)

ІІІ место – Актобе, Қазбек Әлешев (Қайнар)

Топ бәйге

І место – Карагандинская область, Нұрлыбек Мұхамедияров (Ботагөз)

ІІ место – Баянауыл, Сүтжан Каримов (Желқара)

ІІІ место – Жамбылкая область, Жандос Қадырманов (Еспера)

Құнан бәйге

І место – Жамбылская область, Мұрат Өсербаев (Құралай)

ІІ место –Восточно-Казахстанская область, Қуат Үсенов (Қарақат)

ІІІ место– Алматинская область, Іле ауд, Жанколиков әулеті (Лидер)

Тай жарыс

І место – Карагандинская область, Нуринский район, Нұрлан Намысов  (Нұрақасқа)

ІІ место – Карагандинская область, Жанааркинский район, Әсен Саламат (Ақбота)

ІІІ место – Карагандлинская область,  Жанааркинский район , Темірхан Тоқбергенов (Аққоян)