Қарағанды облысының жастарын Бектұров оқуларына шақырады

Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы 15–24 жас аралығындағы жастарды Бектұров оқуларына қатысуға шақырады. Байқау қазақ тілінде өткізіледі.

Оқулар жазушы, журналист, қоғам қайраткері, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Жайық Бектұровтың 110 жылдығына арналған.

Байқау екі номинация бойынша өткізіледі:

— «Шежіре жүрек шерткен сыр». Қатысушылар Жайық Бектұровтың «Енеден ертте айрылған төл секілді…» публицистік жинағынан үзінді оқуы керек;

— «Дәуір жыршысы». Мұнда Жайық Бектұровтың өлеңдері мен поэмаларын оқу керек.

Байқау шарты бойынша таңдалған номинациялардың біріне тек бір үміткер қатыса алады. Оқуға арналған мәтіннің ұзақтығы үш минуттан аспауы тиіс.

Өтінімдерді қабылдау басталды және 26 қыркүйекке дейін жалғасады. Қатысу үшін форма толтыру қажет, оны келесі сілтеме бойынша жүктеуге болады: http://uniorlib.kz/index.php/kz/basty-bet/2-uncategorised сондай-ақ жеке куәліктің көшірмесімен және 3/4 фотосуретпен бірге кітапхананың karaganda_oub@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек.

«Бұл біздің жыл сайынғы оқырмандар арасында өткізетін сайысымыз. Ол Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өткізіледі. Байқау 14 қазан күні сағат 11:00-де біздің кітапханада өтеді. Марапаттау рәсімі сол күні сағат 15:00-де болады.  Қазылар алқасы қатысушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын, дауысы мен сөйлеу тазалығын, сахнадағы мінез-құлық мәдениеті мен шығарма мәтінін бағалайды. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады», – деп хабарлады кітапханада.

Байқау туралы толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: (8-7212) 43-07-04, 8-701-358-30-63 (Жұлдыз Катаева, сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай экспонаттары бөлімінің меңгерушісі).

 

Жомарт Шаймұрат