Қарағанды облысының велосипедшілері Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды


Қарағанды облысының үш спортшысы жасөспірімдер арасындағы тректегі велоспорттан Азия чемпионатында үздік өнер көрсетті. Кирилл Курдиди, Илья Карабутов және Ризван Бейсенбаев бес медаль жеңіп алды. Олардың үшеуі – алтын.
Жарыс Нью-Делиде (Үндістан) өтті. Оған 27 елден 86 өкіл қатысты.
Азия чемпионатының қарағандылық қатысушылары Н. Әбдіров атындағы Спорт сарайында өткен баспасөз конференциясында журналистермен жас спортшы-велосипедшілері өз әсерлерімен бөлісті.
Теміртаудан ҚР спорт шебері Илья Карабутов командалық қудалау жарысында бірінші орын алып, «омниум» жарысында жеңімпаз атанды. Тек өзіне деген сенім және толқулармен күрес оған жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектескенін айтады.
– Үш жарысқа қатыстым. Олардың бірінде төртінші болдым. Қатты ренжідім, бірақ кейін өзімді қолға алдым да, келесі күні жеңіске жеттім, – дейді Илья Карабутов. – Төрт шақырымдық командалық жарысқа бес команда қатыстық. Біз Кореядан біліктілік алдық. Ал финалдық жарыс Қазақстанның жасөспірімдері бұрынғыға қарағанда жеті секундқа жақсырақ өттік. Біз көрсеткішімізді осылайша жоғарылаттық.

Он жеті жасар ҚР спорт шебері Ризван Бейсенбаев осындай жарыстарға алғаш рет қатысып отыр. Кирилл Курдидимен бірге ол командалық спринтте күміс жеңіп алды.
– Осы чемпионатқа дайындық кезінде барлығымыз 100% беріліп жаттықтық. Сондықтан жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Корея мен Малайзиядан келген спортшылар өте мықты қарсыластар болды, – дейді Ризван Бейсенбаев. – Біз күміс жүлдегер атанғанымызды жариялаған кезде, басында сенбедім, бірақ түсінген кезде, әрине, қатты қуандым.
Велоспорттан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Кирилл Курдиди жарыстан бірнеше марапат алып келді. Жас жігіт 1000 м қашықтықта Гита чемпионы және «спринт» жарысында күміс жүлдегер атанды.
– Азия чемпионаты менің туған күніммен сәйкес келді, – дейді Кирилл Курдиди. – Алайда, мені сол күні әділ төрелеген жоқ. Бірақ келесі жолы мен жарысты жеңіп, чемпион атандым. Жеңіске жету екі есе жағымды болды. Қазір Израильде тамыз айында өтетін әлем чемпионатына дайындық жүріп жатыр. Бәсекелестік тәжірибе бар, біз бейімделіп, физикалық дайындаламыз. Біз жеңіс үшін барамыз!

Жомарт Шаймұрат