Қарағанды облысының өрт сөндірушілері мен әскери қызметшілері Президенттің атынан мемлекеттік марапаттарға ие болды

13 тамызда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде Қарағанды облысының ТЖД өрт сөндірушілері мен 52 859 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Олар шілде айының басында Қарағанды облысындағы дала өрттерінің жақын маңдағы елді мекендерге таралуының алдын алды.

 

 

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Бауыржан Біләловке, Ұлан Кеңеске, Владимир Малютинге, Аятолла Нәбиевке «Ерлігі үшін» медальдарын, сондай – ақ Қазыбек Әмірбековке, Болат Оразбековке, Мәди Рүстемге, Ержан Сұлтанбековке құрмет грамоталарын табыстады.

Біздің құтқарушылар дала өрттерін сөндіруге қатысқан қатысушылармен бірге Байқоңыр, Алғабас, Түйемойнақ, Пионер, Ақтас, Құлымбек, Малшыбай елді мекендерін қорғап, оттың қарқынды таралуын болдырмады.

Барлығы ат салыса келе ортақ күш-жігермен 40 500 гектардан астам дала өрттері жойылды.

 

 

 

Жомарт Шаймұрат