Қарағанды облысының киелі жерлері бойынша экскурсиялық турлар ұйымдастырылады

 Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні және «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Талды археологиялық паркінде экотур ұйымдастырды. Іс-шараны мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы қолдады.

Шет ауданындағы Талды археологиялық паркіне Жастар ресурстық орталығының өкілдері, оқытушылар, оқушылар және мұражай қызметкерлері аттанды. Мұнда олар бірегей тарихи ескерткіштермен танысып қана қоймай, ұқыпсыз жерлестерінің қалдырған қоқыстарын тазалай алды.

Талды археологиялық паркі тас, қола дәуірі, ерте темір ғасыры, орта ғасыр және этнографиялық қазіргі заман сияқты барлық тарихи кезеңдерінің ескерткіштерінің шоғырланған жері болып табылады. Қаражартас қорымындағы ең ірі Беғазы-Дәндібай кесенесін зерттеу нағыз жаңалық болды. Ескерткіш пирамидалық-сатылы құрылым болып табылады және сыртқы түрі бойынша Мысыр мен ацтек пирамидаларына ұқсайды. 2017 жылы жүргізілген қайта қалпына келтіру жұмыстары дала пирамидасының көрінісін қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

 

                                                                                                                   Жомарт Шаймұрат