Қарағанды облысының 10 мыңнан астам тұрғыны Birgemiz қорынан көмек алады

#Bizbirgemiz акциясының бесінші толқыны аясында Қарағанды облысының 10 742 тұрғыны материалдық көмек алады. Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем коронавирустан зардап шеккен Қазақстанның 23 қаласындағы халқының әлеуметтік осал топтарына есептеледі. Пандемия басталғаннан бері Қор 57 729 азаматқа 2 млрд 887 млн теңгеге көмек көрсетті.

Қарағанды облысында Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған қалаларының тұрғындары бір реттік 50 мың теңгеден көмек алады. Ол халықтың келесі санаттарына беріледі:

— аз қамтылған көп балалы отбасылар;

— мұқтаж мүгедектер;

— мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

— ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік осал топтарының тізіміне кіретін жасы бойынша зейнеткерлер;

-жетім балалар (толық жетімдер және асыраушысынан айрылған балалар);

— Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген мүгедектер;

— тыл еңбеккерлері.

Біржолғы төлем бұрын Birgemiz қорынан көмек алмаған азаматтардың жоғарыда аталған санаттарына тағайындалады. Ол автоматты түрде есептеледі. Тіркелудің, құжаттарды жинаудың қажеті жоқ: ақша Қордың және Nur Otan партиясының атынан СМС-хабарламамен карточкалық шоттарға түседі