Қарағанды облысында жұмыссыз жастарға арналған жаңа жоба іске қосылды

Қарағанды облысында биыл 36 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Жұмыссыз жастарға көмектесу үшін «бірінші жұмыс орны» жаңа жобасы іске қосылды.

Ол туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте егжей-тегжейлі айтып берді.

«Бірінші жұмыс орны» жобасына ЖОО мен колледж түлектері, сондай-ақ 29 жасқа дейінгі NEET санатындағы жастар қатыса алады.

Кәсіпорын мен жұмыспен қамту орталығы арасындағы шарт бойынша кемінде екі жыл мерзімге жұмыс ұсынылады. Бірінші жылы жергілікті бюджет қаражатынан жұмыс беруші 20 АЕК (58 340 тг.) мөлшерінде ай сайынғы субсидия алады.

Жобаға бірінші болып Саран, Сәтбаев, Шахтинск қалалары және Абай ауданы қосылды.

 

                                                                                                                     Жомарт Шаймұрат