Қарағанды облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Үлкенге құрмет» жобасын бастады.

Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Үлкенге құрмет» жобасын бастады.

Жобаның мақсаты: бүгінгі ұрпақтың бейбіт заманы үшін өлшеусіз тер төгіп, ерең еңбек еткен үлкендерімізді құрметтеу, оларға алғыс айту.

 

 

Қасым ақын «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ!» — дегендей, біздің басты міндетіміз — ата-бабамыздың бізге мұра еткен тәуелсіздікті ардақтау.

Жобаның алғашқы кейіпкері — Ұлы Отан соғысының ардагері, Соғыс даласындағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі орденінің, «Ерлігі үшін» медалінің иегері Бүркіт Есжанов.

 

 

Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобасының басшысы Айтбай Ботпайұлы мен жобаның бас демеушісі «Нұр-Әсем» сән үйінің директоры Венера Абдуғалиқызы Бүркіт атамыздың үйіне арнайы барып, иығына шапан жапты.

 

                                                                                                                            Жомарт Шаймұрат