Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық Қасым атындағы «Дүниенге келер әлі талай Қасым» жыр додасы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған республикалық мүшәйра ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Айтулы шараның шымылдығы Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Қаңтарбекова Гүлнарайым Хасенқызының құттықтау сөзімен ашылды.
Белгілі ақындар Серік Ақсұңқарұлы, Жайлыбай Ғалым, Сағынтай Серік, Ахметов Қамбар және белгілі әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы қазылық еткен биылғы жылғы мүшәйрада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар анықталды.
Жыр додасына жүзге жуық ақындар қатысқан жыр додасы өз мәресіне жетті!
Әділқазылар алқасымен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қарағанды қаласы мен Қарқаралы ауданының құрметті азаматы Омарбекова Рымбала Кенжебалақызы да жүлдегерлерді құттықтап, І орын алған қарағандылық Жанат Жаңқашұлына марапаттау қағазын табыстады.

 

 

Бас жүлде Сәрсенхан Батырхан Бөріханұлы (Түркістан облысы). Алматы қ. «Қазақ әдебиеті» газетінің «Әдебиет және сын» бөлімінің меңгерушісі
І орын — Тілегенов Жанат Жанқашұлы (Қарағанды облысы).
ІІ орын — Байбұланова Жадыра Төкеновна (Нұр-Сұлтан қаласы).
ІІ орын — Байыс Айдын Талғатұлы (Нұр-Сұлтан қаласы).
ІІІ орын — Райымбекова Ғайникен Маралтайқызы (Жамбыл облысы).
ІІІ орын — Сұлтанғазы Асыл Амантайұлы (Алматы облысы).
ІІІ орын — Бөкебай Дина (Қызылорда облысы).
ІІІ орын — Зарыққан Ұмтыл (Нұр-Сұлтан қаласы).

 

Сырбай Мәуленов атындағы жүлде — Қадырқұлов Нұртілеу Бауыржанұлы (Батыс Қазақстан облысы)
Ғафу Қайырбеков атындағы жүлде — Ахмер Біржан Ермекұлы (Нұр-Сұлтан қаласы).
Жұмекен Нәжімеденов атындағы жүлде — Серіков Азамат Серікұлы (Шығыс Қазақстан облысы).
Кеңшілік Мырзабеков атындағы жүлде — Молдағалиева Жұлдыз Аманкелдиевна (Қарағанды облысы).
Дәуітәлі Стамбеков атындағы жүлде — Тілегенов Асылан Біржанұлы (Алматы қаласы).

Жомарт Шаймұрат