Қарағанды облысында өзендерді тазарту және экосенбіліктер бойынша акция қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысында «Өзендеріміз бен көлдерге – таза жағалау» акциясының және «Бөл, тапсыр, қайта өндір!» экосенбілігінің қорытындысы шығарылды.

Іс-шараларға өңірдің қоршаған ортасына жанашырлық танытқан тұрғындары, эковолонтерлер, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жауынгерлері және мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері қатысты.

«Өзендер мен көлдерге – таза жағалау» акциясы кезінде Қарағандыда 120 адам «Су каскады» субұрқағы маңы мен Бұқпа өзенінің сағасын қоқыстан тазартты. Олар 55 текше метр қоқыс жинады.

 

 

– Экоакция тек облыс орталығында ғана емес, сондай-ақ өңірдің барлық қалалары мен аудандарында өткізіледі. Біздің жағалауымыз тазарды, тұрғындардың табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениеті өсіп келеді, – дейді экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков. – Еріктілер жағалаудағы аймақтарды қоқыстан тазартты. Тек бір учаскеден шамамен 150 қап қалдық шығарылды.

Теміртауда жас эковолонтерлер Нұра өзенінің жағалауын тазалады. Олар 8 текше метр қоқыс жинады. Ал Балқашта белсенділер көл жағасын тазалады.

Нәтижесінде олар екі контейнер тұрмыстық қалдықтар жинады.

Қоқысты бөлек жинауға арналған «Бөл, тапсыр, қайта өңде!» экосенбілігі «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын және «Бірге Таза Қазақстан» республикалық іс-шарасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды. Қарағандылықтар мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері Пришахтинск жанындағы орман алқабын тазалады. Сенбілік қорытындысы бойынша 12 қап пластик, 3 қап металл, 4 қап шыны, қақпақ және 5 қап аралас қоқыс шығарылды.

 

Жомарт Шаймұрат