Қарағанды облысына «Ұлы Дала әуендері» жобасымен Dombyra телеарнасы келді

Қарағанды облысына «Ұлы Дала әуендері» жобасымен Dombyra телеарнасының түсірілім тобы келді. Шығармашылық ұжымның басты қызығушылығын жыр, жырау, терме, дастан, күй сияқты халық және дәстүрлі әншілердің жазбалары тудырады. Бұл өзіндік экспедиция, оның барысында операторлар мен арна басшысы Сарыарқаның екі қаласы мен бес ауданын аралайды. Түсірілім Қарағандыда басталып, Шет, Бұқар Жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы және Ақтоғай аудандарында жалғасады. Соңғы баратын жері – Жезқазған.
— Dombyra телеарнасы 2019 жылдың наурыз айында іске қосылды. Біздің мақсатымыз – ұлттық өнерімізді келер ұрпаққа жеткізу, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айту. Әр өңірде әндерді орындау әр түрлі. Сондықтан өткен жылдан бастап біз Қазақстан бойынша экспедицияларға шыға бастадық. Түсірілім барлық облыстарда жүргізілді. Қарағанды облысынан Павлодар өңіріне барамыз. Бұл экспедицияның соңғы кезеңі болады, — деді Dombyra телеарнасының директоры Қанат Ержігітов.

 

Қарағанды облысының орындаушыларына арналған бағдарлама қараша айының соңында эфирге шығады. Dombyra телеарнасын тарату Қазақстанның кабельдік желісінде, сондай-ақ Instagram-да жүзеге асырылады. (https://www.instagram.com/dombyra.tv/) және YouTube (https://www.youtube.com/c/DombyraTV/).

Жомарт Шаймұрат