ҚАНСЫРАҒАН АНА ТІЛІМ!

Тіліміздің қазіргі жағдайн ойлап отырып, осы неше шумақ өлеңді түнде жазған едім. Олқы тұстарын айтып жіберсеңіздер екен деген өтінішім ғой.
Жатқандай-ақ, тілім-тілім,
АНА тілім жанына, сауға сұрап!
Айтылған сөз желге ұшып,
Жатқандай болып, дауға ысырап!
Жерисіңдер неге сонша,
Жиіркеніп тіліңнен, сөз келерде!
Жағынып жалтақтаумен,
Жан бағасың қашанғы, өзгелерге!
Қайран бабам! кешегі өткен,
Ұлты мен тілін сүйіп, қадірлеген!
Ал бүгін сол тіліңнің,
Көк тиын құны жоқ, қазір деген!
Намысы бар әр қазақты,
Тілім-тілім болған тілі, мұңайтады!
Болашағы осы елдің,
Біздер айтпағанда оны, кім айтады!
Кердең басқан көкелерге,
Шала жансар тілім-тілім, тіл айтады!
Көзі ашық көреген,,
Көкелер саған аманаттап, мұң айтады!
– Ей Қазағым біліп қой,
Мен құрысам сен, бірге құрыйсың!
Мен түлесем түрленіп,
Көк бөрідей сен де түлеп, ұлыйсың!
Жағдайың мынау бүгінгі,
Бірің жалтақ, жағымпазсың! ұрысың!
Ұялсаңдар етті, жар салып,
Елміз дескен! тірлігің мына құрысын!
Намысы бар, рухың биік,
Кешегі өткен бабалардың, сен ұлысың!
Өз жеріңде тіліңмен,
Ұлтың болса, сонда ғана, сен Ұлысың!
БАҒДАЛ АҚЫНҰЛЫ