ҚАЛАМГЕР КҮЛӘШ АХМЕТОВАНЫ ҚҰТТЫҚТАП БАРДЫ

Белгілі қаламгер Күләш Ахметованың бүгін туған күні. Осыған орай оның шаңырағына қала әкімі арнайы барып, бүгінгі мерейтойымен құттықтады.
Ержан Жылқыбаев жамбылдық ақын аруларды бастап тұрған туған күн иесіне жылы лебізін білдіріп, гүл шоқтарын тарту етті.
«Сіздің өлеңдеріңіз туған жерге деген ыстық ықылас, анаға деген құрмет, достыққа және махаббатқа адал болуға үндейді. Осы поэзияңыз арқылы оқырман, бірнеше буын ұрпақ тәрбиеленуде», деді Ержан Жұматұлы.
Күләш Ахметова – жиырмаға жуық жыр жинақтарының авторы. Ақынның әр жылдары «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Ол осы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет орденінің иегері», «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағын иеленген. Шығармашылығы шың төріне жетелеген ақын оқырмандарынан да лайықты бағасын алған.
Бүгін құрмет төрінен табылып, шаттыққа бөленген қаламгер қонақтарға алғысын білдіріп, ел тыныш болсын деп, ақ тілегін жаудырды.
Тараз қаласы әкімдігі